Тағамды дәмді дайындаудың кейбір құпиялары
06.01.2018, 09:23

Тағамды дәмді дайындаудың кейбір құпиялары

Hibatulla.kz сайтында тағамды дәмді дайындаудың кейбір құпиялары жарияланды, деп хабарлайды silteme.kz.

Сорпада лавр жапырағының ащы дәмі шығып кетпеуі үшін оны10-15 минут қайнатқаннан кейін сорпадан бірден алып тастау керек. Картоп пюресі дәмін сақтауы үшін оны миксермен емес, қолдан езген дұрыс. Сары май немесе маргаринді еріткенде қарайып кетпеуі үшін табаны өсімдік майымен аздап майлап алған жөн. Балық қуырғанда жағымсыз иіс шықпасын десеңіз, балық қуыратын қызып тұрған майға ұзынша етіп туралған картоп салып қойыңыз. Табадағы май шашырамас үшін аздап тұз себеді. Майонезден жасалған салаттар мен винегретті стөлге берер алдында оған лимон қыбығын бірнеше минутқа салып қою керек. Винегрет дәмді болу үшін оған аз ғана қант қосыңыз. Салатқа пияз қосар алдында оны мұздай суға 15 минутқа салып қойса, ащы дәмі жойылады. Пирогтар, торттар тәтті әрі қатты көтерілуі үшін оған аздап тұз қосады және қосатын заттардың (жұмыртқа, май, сүт т.б.) көлемі міндетті түрде бірдей болуы тиіс. Пышақты қолданып болған соң бірден жуып, кептіріп қою керек, сонда өткірлігін ұзақ сақтайды. Котлетке кәдімгі наннан гөрі арнайы кептірілген нанды (панировочные сухари) қосса, дәмдірек болады.

Ең бастысы тамақты дәретпен Құран оқып, дұға жасап пісіру керек.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер