Шубаны (ішікті) қалай күту керек?
09.01.2018, 10:37

Шубаны (ішікті) қалай күту керек?

Жайна Жайна Фото: wallpaperscraft.com

Артық болмас білгенің...

Ілгішті қолдану керек.
Егер сіз қымбат теріден тігілген ішігіңіздің (шубаңыздың) ұзақ уақыт әдемі қалпын жоғалтпасын десеңіз бүктеулі күйінде қоймаңыз, үнемі киім ілгіште ілулі тұруы қажет. Кимес бұрын ішіктің ұйпаланып, жатып қалған түктерін сілкіп жіберіп қолмен сипап түзетіңіз.
Ішікті киіп шыққан уақытта иығыңызға, қолыңызға ауыр сумка ілмеңіз. Ішікке әсемдік үшін тағылатын түрлі түйреуіштерді де қадауға болмайды!

Ішікті қалай күту керек?
Мойныңызға міндетті түрде мойынорағыш (шарф) тағыңыз. Егер сіз келбетіңізді келісті етіп тұратындай опа-далап, иіс май т. б. қолданатын болсаңыз, сол мойынорағыш ішікті былғанудан сақтайды.
Ішікке әтір, иіссу түрлі аэрозольді парфюмерлерді себуге болмайды!
Ішікке себілген иіссудың иісі ұзақ уақыт кете қоймайды, яғни сіңіп қалады. Иіссудың құрамында спирт болады, ол ішікке сіңіп осы процестің әсерінен ішік өңін жоғалтады.
Ешқашан ішікті тазалауда өзіңіз жасап көрмеген әдісті қолданбаңыз, себебі бір-ақ сәтте қымбат ішікті бүлдіріп алуыңыз мүмкін. Ішікті тазарту үшін, тазалау ісімен айналысатын мамандардың көмегіне жүгіну қажет.

Үстіңізде қымбат ішік, (шуба) жаңбырдың астында қалып қойсаңыз не істейсіз?
Ішігіңіз (шубаңыз) су болып қалса, сілкіп-сілкіп жіберіңіз де сол күйінде ілгішке іліп табиғи жағдайда кептіріңіз. Жылы бөлмеде тұруы қажет, пешке, батареиге жақын тұрмауы керек. Үтік, фен сол сияқты кептіру құралдарын пайдалану арқылы кептіру қажет емес. Кепкен соң бірнеше рет сілкіп жіберіп, жұмсақ щеткамен тарау қажет. Аптасына бір рет жұмсақ щеткамен жақсылап тарап тұрсаңыз ішігіңіз әдемі қалпын ұзақ сақтап тұрады. Қымбат ішік мұқият ұқыптылықты және күтімді қажет етеді.

Дереккөз: bilimdiler.kz

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер