АӨК даму карталары туралы семинар-жиналыс өтті
20.12.2017, 23:32

АӨК даму карталары туралы семинар-жиналыс өтті

Бүгін Астанадағы "Гранд Парк Есіл" қонақ үйінің акт залында ҚР АШМ қолдауымен "ҚазАгро" АҚ ұйымдастырған жиынға вице министрлер Н.Әлтаев пен Р.Кұрманов келіп журналистердің сауалдарына жауап берді.

Жиынды ҚР АШМ Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Е.Байтанаев жүргізіп отырды. Алдымен сөз алған вице министр Нұржан Әлтаев АӨК даму карталары туралы қысқаша баяндама жасады.

"АӨК мемлекеттік қолдауды жетілдіру мақсатында, сондай-ақ АӨК-ні дамытудың 2017-20121 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін Министрлік ауыл шаруашылығының басым бағыттарын дамыту және АӨК-ні мемлекеттік қолдауды жетілдіру карталарын әзірлеген болатын. Бұл он үш карта ауылшаруашылығының өзекті мәселелерін тереңдей талдау негізінде әзірленген. Қазіргі таңда еліміз бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өздеріңізге белгілі Қазақстанның экспорттық әлеуеті жылдан жылға өсіп келеді. Осы жылы ет экспорты былтырғы жылға қарағанда пайыздық деңгейі өскен. Бір ғана Иран мемлекеті емес таяу арада бірқатар алпауыт мемлекеттерге де жол ашылады. Әрине біз ішкі нарықты толықтай қамтамасыз ету тұрғысынан алып қарайтын болсақ онда қазіргі таңдағы кооперативтік қозғалыстың кең етек жаюына жағдай жасағанымыз абзал. Сонда ел экономикасы тең дәрежеде дамитын болады"-, деді ол.

"Аграрлық қайта өңдеуді дамыту үшін қазіргі таңда деректер базасы қалыптастырылды,оған сай елімізде 79 жаңа зауыт салу керекпіз жұмыс істеп тұрған 80 зауытты қайтадан жаңғырту керекпіз. Сонда біз импорт үлесін азайтамыз. Ал бұл -отандық өнімді өндіруге кең мүмкіндік ашылады деген сөз. Яғни біз майлы, дәнді, техникалық дақылдарды, жеміс-жидекті, ет пен сүтті, теріні шикізат түрінде экспортқа шығарып қана отырмаймыз. Ендігі жерде қайта өңдеу зауыттары арқылы пайда табамыз"-деді вице-министр Рүстем Құрманов.

Семинар барысында журналистер карталар туралы сауалдарды қойды. Олардың қатарында кооперация, ауылшаруашылығын мемлекеттік қолдау, ветеринария, агрохимия, қой шаруашылығын дамытуға байланысты сұрақтар болды. Мал аурулары,мелиорация, фермерлердің біліктілігін арттыру тақырыптары да шет қалмады.

2018 жылы ауылшаруашылығы саласын сандық режимге көшіру туралы сауалға Н.Әлтаев "Бұл мәселе картада көрсетілген, жұмыстар қарқынмен жүріп жатыр. Қазіргі таңда фермерлер үйде отырып-ақ мобильді құрылғылар арқылы 101 ден астам қызмет түрін пайдалана алады",-деп жауап берді.

Рүстем Құрманов жиында сөз болған мәселелер бойынша ҚР АШМ әрқашан да ашықтық принципін ұстанатынын жеткізді. Сонымен қатар осынау игілікті істе БАҚ өкілдерін бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.

Дереккөз: farmers.kz

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер