Бойжеткендерге арналған күтім және косметика
11.12.2017, 09:05

Бойжеткендерге арналған күтім және косметика

Ерте ме, кеш пе әрбір қызда косметикаға деген қызығушылық оянады. Көбінесе жеткіншек жасқа жеткен қыздар алғаш рет сәндік косметиканы пайдалана бастайды, ал 17-18 жасқа толғанда, макияжды күнделікті жағатын болады.

Косметиканы біртіндеп жаққан дұрыс. Дегенмен бет терісіне күтім жасау туралы да ұмытпаған жөн, себебі сау, әрі жарқын тері кез келген макияждан артық.  

Беттің жас терісіне қалай күтім жасау керек?

Жас тері сағат секілді жаңа клеткалардың қажетті мөлшерін қайта өндіретін эпидермистің арқасында тез арада қалпына келуге қабілетті, ерекше күтімді және тұрақты түрде косметологқа баруды қажет етпейді. Дегенмен кемел жасқа келгенде тері сол күйінде жас, әрі балғын көрінуі үшін күн сайын күтім жасау қажет.  

Қыздар бет терісіне күтімді неғұрлым ерте бастаса, терінің қартаю белгілері соғұрлым кеш пайда болады.

Жас теріге күтім жасау туралы екі негізгі миф бар:

Жас тері косметикаға үйреніп алады, сондықтан жас ұлғая келе, тері күтімі де күрделене түседі. Жас теріге міндетті түрде күтім жасаудың қажеті жоқ. Теріге алғашқы әжім пайда болғаннан кейін толыққанды күтім жасауды бастау керек.

Теріге толыққанды күтімді 16 жастан бастауға болады. Дәл осы шақта тері құрылымы өзгере бастайды, май бездерінің белсенділігі арта түседі. Теріге жүйелі күтім жасау акненің пайда болуын алдын алады және оның жақсы қалпын сақтауға мүмкіндік береді.

Тазалау мен ылғалдандыру – жас теріге күтім жасауға қажетті негізгі құрамдас бөліктер. Бетті жай сумен және сабынмен жумаған дұрыс. Себебі су бетті құрғатады, ал сабын терінің қышқыл-сілтілі теңгерімін бұзады. Мұндай жағдайда бетке арналған көбіктер және тониктер тамаша шешім болады. Бетке арналған тазалаушы құралды таңертең және кешке пайдаланыңыз, содан кейін кірдің және хлордың қалдықтарын жуып тастау үшін тоник жағыңыз. Ешбір жағдайда макияжыңызды түнге қалдырмаңыз, бұл теріде қабынудың пайда болуына әкеледі. 

Жас теріге құрамында теріні еркін радикалдардан қорғайтын антиоксиданттары бар, жеңіл текстуралы өсімдік қосындылар негізіндегі кремдерді пайдаланған дұрыс. Тез майланатын теріге жеңіл гель негізіндегі ылғалдандырушы құралдарды пайдалану ұсынылады.  

Өтпелі кезеңде жасөспірімдердің ағзадағы гормондық өзгерістеріне байланысты беттерінде безеулер мен акнелер жиі пайда болады. Мұндай жағдайда бірінші кезекте білікті маманның кеңесіне жүгіну қажет, себебі проблеманың тамыры ағзаның жұмысында болуы мүмкін. Сондай-ақ бөртпелерді «кептіретін» және зарарсыздандыратын проблемалы теріге арналған арнайы құралдарды пайдаланған дұрыс.   

Жасөспірім қыздарға сапалы сәндік косметиканы қалай таңдау қажет?

Жас кезде сәндік косметиканы мұқият таңдаған жөн.

Көптеген жас қыздардың терідегі бөртпелерді сәндік косметикамен бүркемелеу әрекеттері үлкен қателік болып жатады, бұл көбінесе оның жағдайын күшейтіп жібереді. 

Косметиканы таңдаған кезде оның құрамына және өнімнің сипатына көбірек көңіл бөліңіз, табиғи қосындылар негізіндегі құралдарды таңдауға тырысыңыз. Косметика комедогенсіз болуы керек, себебі комедогенді құралдар бет терісіне бөртпелер шығарады, содан тері саңылаулары бітеліп қалады.

Жас теріге арналған SPF факторлы жеңіл түс беруші крем тері саңылауларын бітеп тастайтын опаға қарағанда әдемі көрінеді.

Минерал негіздегі теньдер мен далаптарды пайдаланыңыз. Осы құралдардағы табиғи компоненттер теріге залал келтірмейді және тұрақты макияж жасауға мүмкіндік береді. Ылғалдандырушы әсері бар ерінге арналған жеңіл жылтыр немесе пигменттелген гигиеналық ерін бояғыш кез келген макияжда тамаша көмекші қызметін атқарады. Құрамында В5 витамині бар кірпікке арналған тушьты таңдаңыз.  Ол кірпіктерге жақсы күтім жасайды, ылғалдандырады және қорғайды. Түс беруші негіздерді және далаптарды жағуға пайдаланған қылтаяқшаларды және спонждарды тазалап тұрыңыз. Себебі көп пайдаланудан шаң, кір жиналып қалады, бұл теріні тітіркендіреді және қабындырады. Макияжды арнайы лосьонмен, тоникпен және бір реттік спонжбен кетіріңіз. Макияжды жай сумен жуып тастауға болмайды. Жас кезіңізде сәндік косметиканы көп пайдаланудың қажеті жоқ. Макияжды күнде жақпауға тырысыңыз. Осы жаста терінің жас әрі сау көрінуі – бұл мінсіз сұлулық, оны бағалап, сақтай біліңіз.

Табиғи және сау сұлулық әрқашан трендте болатындығын және болып қалатынын ұмытпаңыз. Жас қыздардың ұстануына қажет бірнеше ереже:

Макияжды қажет болғанда ғана жағыңыз. Салауатты өмір салтын ұстаныңыз және бет терісіне дұрыс күтім жасаңыз, акнеден құтылыңыз, кемшіліктерді түс беруші негізбен бүркемелемеңіз. [Тазалау + Сергіту + Ылғалдандыру] – сау тері үшін мінсіз формула! Қажет болған жағдайда проблемалы теріге арналған құралдарды пайдаланыңыз және кәсіби маманнан кеңес алыңыз.

© marykay.kz

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер