Қытайлық мотоцикл механигі ұшақ жасап шықты
23.12.2017, 14:29

Қытайлық мотоцикл механигі ұшақ жасап шықты

Қытайдың Ляониң қаласының Чжу Юэ есімді мотоцикл механигі бала кезінен арман етіп, жолаушылар тасымалдаушы ұшағын қатты жақсы көргені соншалық, 320 аэробусын жасап шығарды, деп хабарлайды silteme.kz.

Қытайлық people.com.cn ақпараттық порталындағы мәліметтерге қарағанда, Чжу Юэ өзінің жеке ұшағы болуды кішкентайынан қатты армандап, үстіміздегі жылдың ортасында ұшақ жасап шығаруға шешім қабылдайды. Сөйтіп бес досымен бірігіп, ұшақ жасауға деген алғашқы қадамдарын жасайды. Ұшақты жасау кезінде 40 тоннадан астам темір жұмсап, ұзындығы 37.84 м, кеңдігі 36 м (қанаттарын қоса есептегенде), биіктігі  12 болатын 320 аэробусының сұлбасын жасап шыққан. Бірақ сызба мен техникалық машиналардан еш хабары жоқ алты адамнан құралған ұжым жарты жылдың ішінде 800 000 қытай юаньін, яғни, 40 миллион теңге жұмсап үлгерген.

Ең алғаш ұшақтың алдыңғы бас жағын жасаған. Моделін сатып алып, компьютерлік үлкейту арқылы есеп жасайды, бірақ модел тым кішкентай болып шығады. Жасалған есеп қалыптағыдай шықпай, амалдары жүзеге аспайды. Содан кейін ол балшықты пайдалану арқылы пішінді жасап шығып, оны осылайша ұстатып сыртына темір қаптамақ болады, бірақ бұлай жасау арқылы көп уақыт жоғалтатынын, ғылыми әдіс еместігін байқайды. Қолмен сызылған сызбалар үлгісі туралы да ойлайды, бірақ көптеген өлшемдерді қолданғанымен нақты бір есептік жоба шығара алмайды. Жасалынған ұшақтың басын жалғағанда оған ұқсамайтын пішін болып шыққан.

Ұшақтың басты сұлбасын жасап шыққаннан кейін ол толықтай жасап біткеннен кейінгі көрінісі мен оның неге қолданылатынын ойлап жоспар құрған.

«Егер қандай да бір саябақ мұны қажет етсе, мейрамхана ретінде пайдаланып, ондағы қызметшілерді әуесерік киімімен киіндіріп қоюға болады. Сонымен қатар ұшақта үйленуге ұсыныс жасауға, үйлену кешін өткізуге мүмкіндік болар еді. Бұрындары бұлай жасау өте қиын болса енді көп уақыт өтпей жүзеге асады және өте романтикалық түрде өтер еді» дейді  Чжу Юэ.

Қытайшадан аударған Ерболат Мамырайхан

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер