Қанша қазақ қызы қытайлықтарға тұрмысқа шыққан?
03.12.2017, 00:07

Қанша қазақ қызы қытайлықтарға тұрмысқа шыққан?

2008 жылдан бастап 2017 жылдың 10 қарашасына дейін елімізде 70207 аралас неке тіркелген. Қазақстандық 40908 ер азамат өзге ұлттың өкілін өзіне серік етсе, 29299 қазақстандық қыздар өзге елдің азаматына тұрмысқа шыққан, деп жазады «Ана тілі» газеті.

Осы деректерге нақтырақ тоқтала кетейік. 2016 жылы ер азаматтарымыз қытайдың 66, Ресейдің 1067 азаматшасымен неке қидырса, қыз­дарымыз 62 – қытай, 189 – түрік, 858 – ресейлік азаматқа тұрмысқа шыққан.

Ал биылғы жылдың 10 қара­ша­сына дейінгі мәліметтер төмендегідей:

Тұрмысқа шыққан қазақстандық қыздар: Қытай – 41; Түркия – 126, Ресей – 786.

Керісінше, өзге ұлттан өзіне жар таңдаған қазақстандық ер азаматтар: Қытай – 39, Ресей – 912, ал Түркия елінің азаматшасымен неке қиылмаған.

Бұл ресми дерек қана. Ал тіркеуге тұрмаған, азаматтық некеде жүрген қаракөздеріміз бұдан да көп болуы мүмкін.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер