Показать содержимое по тегу: Тарих
Шығыстық түркі сәулетінің символы ретінде көк күмбездер Самарқан мен Бұхарада жиі кездесетін болса, Хиуада бір ғана көк күмбез бар. Ол шартарапқа әйгілі және XIII-XIV ғасырларда жасаған әулие шайыр әрі алып Палуан (Пахлаван) Махмұттың қабірін безендіреді.
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында «Кеңестік Қазақстандағы әлеуметтік және этникалық қақтығыстар тарихы: методологиялық мәселелер» тақырыбындағы ғылыми-әдістемелік семинар өтті.
ҚР Ұлттық музейі Ғылыми кітапханасында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы және Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына арналған мәдениеттанушы-лингвист Абылайхан Қалназаровтың «Балуан тас. Балуандар мен күрес өнеріне байланысты аңыз-әфсаналар, қисса-дастандар, ел аузындағы әңгімелер (тарихи деректер)» атты екі томдық авторлық-жинақ кітабының тұсаукесері болып өтті.
Бүгін «Астана» концерт залында «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: Сарыарқа – тарихтың бастауы» атты салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Темір шахматы – Әмір Темір дүрілдеген заманда Тұран мемлекетінде және оған қараған аймақтар мен Ислам ықпалындағы елдерде кең тараған ойын түрі. Ол шатранждың күрделі нұсқасы болғандықтан, заманында ел аузында «Шатранж-и камил» (кемел шахмат) немесе «Шатранж әл-Кабир» («үлкен шахмат» немесе «ұлы шахмат») деп те аталған.
░ ▒ ▓ ▌█ ▉ ▇ ▆ ▅ ▄ ▃ ▂