Показать содержимое по тегу: Ене мен келін
Қазіргі қоғамда тұрмысқа шығып, үйде отырып қалудан немесе тұрмыс құрмай, мансаптың жолында кетуден қорқатын қыздар көп. Кем дегенде 4-5 жыл оқып алған дипломын шаңнын астында қалдырмай қалай отбасының ұйытқысына айналуға болады? Бұл бүгінгі қыздырдың көкейіндегі мәселелердің бірі екені жасырын емес. Today.kz 18 жасында тұрмыс құрып, сыйлы келінге айналып, қызметін қоса атқарып, жеке кәсіппен айналысып жүрген жаңаөзендік Рысгүл Амантұрлиевамен әңгіме құрды. Керек кеңес болса, түртіп қойыңыз.
Қыздардың барлығы бойжеткен соң сүйгенімен бас қосып тұрмыс құруды армандайды. Алайда тұрмыс құрғаннан кейін не күтіп тұрғанын ойлап жатпайды. Әдетте, алғашқы бір жыл ең қиын уақыт болып есептеледі, күйеуінің кейбір әдеттеріне бейімделу керек, отбасылық қарым - қатынасты нығайту, сонымен қоса күйеуінің анасы яғни ененің көңілін таба білу. Сонымен ене мен келіннің ара - қатынасы әрқашан жақсы бола бермейді, кейде ене мен келіннің арасындағы дау - дамайды шешуде еркек байғұс екі оттың ортасында қалуы жиі кездеседі. Бірі – сүйген жары, бірі - туған анасы.