Т.Қ.Жүргеновтың 120 жылдығына орай ұйымдастырылған ақындар мүшәйрасы қорытындыланады
23.05.2018, 14:38

Т.Қ.Жүргеновтың 120 жылдығына орай ұйымдастырылған ақындар мүшәйрасы қорытындыланады

Т.Қ.Жүргеновтың туғанына 120 жыл толуына байланысты ақындар арасында республика көлемінде жазба ақындар мүшәйрасы және прозаиктер арасында әдеби байқау қорытындысы жарияланады.

2018 жылы 31 мамырда сағат 11.00-де Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына және Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Темірбек Қараұлы Жүргенов» қоғамдық қоры, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясымен бірлесе отырып, Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай, Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы Т.Қ.Жүргенов ескерткіші алдында  гүл шоғын қою (митинг) рәсімін өткізеді.Осы шара аясында оқу театрында сағат 12.00-де Қазақстан мен Орта Азия республикаларындағы оқу-ағарту, мәдениет пен әдебиет саласының өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Қараұлы Жүргеновтың туғанына 120 жыл толуына байланысты ақындар арасында республика көлемінде жазба ақындар мүшәйрасын және прозаиктер арасында әдеби байқау қорытындысын жариялайды.   

Мақсаты:

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Туған жер» бағдарламасын қолға алу туралы сөз қозғады. Онда «Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс» деп, атап көрсетті. Елбасының бұл сөзі бір ғана жылдың еншісіндегі мәселе емес. Бұл үнемі атқарыла беретін ізгі борышымыз. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттау, мақсатында өткізілуде.

Тақырыптары:

Темірбек Жүргеновтың саяси көзқарастарын, оқу-ағарту және мәдениет саласындағы жұмыстарын, әдеби, публицистикалық мұрасын өлең арқылы ұрпаққа насихаттау; Тәуелсіз Қазақстанның «Мәңгілік ел» ұлттық идеясынан туындайтын Қазақ тарихында қалдырған ерен еңбегін жырлау; Темірбек Жүргеновтің жазбаларында кездесетін рухани ұлттық мұрамыз бен елдік-ерлік құндылықтарымызды ұлықтау. Оның репрессия құрбаны болғанын өлеңге қосу арқылы, қазақ халқының басына нәубет боп төнген жылдарды ұрпақ санасына жаңғырту.

Ұйымдастыру алқасы «Темірбек Қараұлы Жүргенов» қоғамдық қоры,
Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы.

Өтетін уақыты: 2018 жылы 31 мамырда сағат 11.00-де

Өтетін орны: Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы

Қосымша ақпарат алу үшін: тел.: 8707-307-81-82, +7702-350-40-67 Эльмира

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер