Латын мәселесі: Әліпби апробация кезеңінен жақсылап өтуі керек – Е.Қажыбек
04.12.2017, 18:02

Латын мәселесі: Әліпби апробация кезеңінен жақсылап өтуі керек – Е.Қажыбек

А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында Ұлттық комиссияның бірінші отырысы, келесісінің қашанға жоспарланғаны және әліпби апробациясы мәселесін қозғаған, деп хабарлайды silteme.kz.

«Алдағы 7-желтоқсан күні екінші отырыс өтеді. Басында жарты жылда бір жиналсақ деген ұсыныстар айтылған, бірақ атқарылуы тиіс жұмыстар қыруар болғандықтан Премьер-Министр бір айдың ішінде екінші рет жиналу туралы тапсырма берді. Бұл жұмыстарды біз науқаншылыққа бой алдырмай, жүйелі түрде, асықпай, барлық мәселелерді сараптай отырып, жүргізуіміз қажет. Ең бастысы – жалпы тақырыптар анықталды» деген ол сұхбатта.

«Әр топтың жоспары, нақты тізімдері қарастырылып, келесі отырыс­та бекітілуі тиіс. Елбасы айтқандай, әліпби апробация кезеңінен жақсылап өтуі керек. Сондықтан апробация кезінде туындаған мәселелер пысықталып, тиісті іс-шаралар атқарылады» деп атап өткен ғалым.

Айта кетейік, жуырда Ұлттық комиссияның бірінші отырысы болып өтті. Отырыс аясында қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын жүзеге асыратын төрт жұмысы тобы құрылған болатын. Олар: терминологиялық, орфографиялық, әдістемелік және сараптамалық-техникалық топтары.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер