Мәссаған безгелдек! Безгелдек...
05.03.2018, 15:15

Мәссаған безгелдек! Безгелдек...

"Вот тебе и на!" деген орысша сөздің қазақша баламасы ретінде қолданылып, алайда, ауызекі тілден бірте-бірте ығысып бара жатқан "мәссаған безгелдек" деген тіркестің қайдан шыққанын білесіз бе?

"Мәссағаны" түсінікті. Ал безгелдек дуадақтар тұқымдасына жататын құс түрі екен. "Оның ұшуы таңғаларлықтай болып келетін көрінеді. Сондықтан да, таңқалысты білдіретін одағай болып қалыптасқан" деген бір версия бар. 

Мамандардың сипаттауынша, бұл құс екпінді жылдам әуелеп ұшудан кейін, қанаттарын жылдам қағып, түзу сызықпен шарықтайды, қанаттары осы кезде сылдырлаған дыбыс шығарады.

Безгелдек тек тың жерге қоныстанады. Жұптасып тіршілік етеді.

Мамыр айында аналығы 3-5-тен 7-11-ге дейін жасыл түсті жұмыртқаларын салады, бір ай шамасында басып шығарады. Балапандары тамызда ұша бастайды. Балапандары жәндіктермен, ересектері дән және өсімдіктің жас бұтақтарымен қоректенеді. Қазақстанда тың жерді игеруге байланысты безгелдек те дуадақ сияқты ХХ ғасырдың орта тұсында азая бастады.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер