Білім министрлігі: ҰБТ-ны 9-11 рет қайта тапсыруға болады
01.12.2016, 07:05

Білім министрлігі: ҰБТ-ны 9-11 рет қайта тапсыруға болады

Алдағы уақытта ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру мүмкіндіктерін барынша арттыру жоспарлануда. ҚР Білім және ғылым вице-министрі Э. Суxанбердиеваның айтуынша, бала бірден өз білімін көрсете алмауы мүмкін екен, деп хабарлайды Қазақпарат ХАА.

«ҰБТ-ға қатысты шу көп шықты. Ал, қазіргі уақытта тесттен бір рет өте алмағандар, екінші рет өтуіне мүмкіндік алады. Екінші мүмкіндігін пайдалана алмаса да жарты жыл дайындалуына уақыт беріледі. Қазір министрлік осы мәселені талдап жатыр. Олар Америка мен Ұлыбритания елдеріндегі SAT секілі тестті 9-11 рет тапсыруды қолға алып отыр. әр бала тестті қайта тапсыруға құқылы. Бала бір дегенде білімін толық көрсете алмауы мүмкін. Ол алаңдайды, қобалжиды және тағысын тағылар. Сондықтан оған тестті тапсыруға бірнеше мүмкіндік берілуі керек», – деді вице-министр Республикалық жастар форумының білім беру саласына арналған пікірталас алаңында.

Оның айтуынша, министрліктің негізгі мақсаты – 2020 жылға дейін жоғары білімі бар азаматтардың санын 35 пайызға жеткізу.

Келесі жылдан бастап енгізілетін ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа форматына сай мектепті бітіргеннен кейін оқушы бөлек емтиxан қабылданады. Соның нәтижесі бойынша орта білім туралы аттестат беріледі. Кейін жоғары оқу орнына түсу үшін ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру тиіс болады.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер