Қазақты кеше ғана жеңісімен Қанат Ислам қуантса, бүгін міне, тағы да бір жеңістің хабары жетті.
18-31 қазан аралығында Грузияның Батуми каласында, балалар арсында шахматтан жарыс өтті. Чемпионатқа 66 елден 728 бала қатысып, Айша Закирова 8 жасқа дейінгі қыздар (осы категорияда 85 бала ойнады) арасында жеңіс тұғырынан көрінді. Жарайсың, қазақтың кішкентай бүлдіршіні, көз тимесін!
Осы жылы, Айша Закирова 8 жасқа дейінгі қыздар арасында шахматтан Қазақстан чемпионы титулын жеңіп алған болатын. Енді міне, әлем бойынша 1 орын алып отыр.
Жасөспірімдер арасында өткен жарысқа белгілі қазақстандық шахматшы қыз Бибісара Асаубаева да қатысқан болатын, ол да "алтынды" иеленді. Бірақ, Ресейдің атынан шыққан еді.