Астананың арулары бақ сынасады
26.10.2016, 15:11

Астананың арулары бақ сынасады

“Prima Vera”  модельдік агенттігі Астана қаласының әкімдігінің қолдауымен Сіздерді «Астана аруы-2016» сән байқауына шақырады, деп хабарлайды silteme.kz.

Бұл байқау жастар арасындағы отбасылық құндылықтарды танытуға бағытталған, сондай-ақ жас қыздар арасындағы мақсаттылықты, әлеуметтік өмірге белсенді араласуды және салауатты өмір салтын дамытуға мүмкіндік береді. Астананың ең сұлу аруы атағына елордамыздың әр түрлі оқу орындарынан 20 ару қатысады.

Байқаудың қорытынды бәсекелестігі 2016 жылы 20 қазанында Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен және жеңімпаздарды марапаттаумен өтеді. Жүлде қоры 1.000.000 теңге құрайды. «Астана аруы-2016» атағын алған қатысушы, «Қазақстан аруы» ұлттық байқаудың  қорытынды бәсекелестігінің қатысушысы болады. Жеңімпаз ару байқаудың жоғарғы кезеңінде біздің елордамызды лайықты дәрежеде көрсетеді деген сеніміміз зор. Байқау қонақтары ретінде қаламыздың сән әлемінің өкілдері, бизнес-элита, қала әкімшілігі және байқаудың әр түрлі серіктестері қатысады.

Өткізу күні: 27 қазан 2016 ж.

Өткізу уақыты: сағат 19.00-де

Өткізу орны: Astana Music Hall (Б.Момышұлы даңғылы, 1) 

 

 

 

 

 

Анықтама телефоны +77017997308 Ольга Радеш

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер