Нұрсұлтан Назарбаев Мәдинадағы Мұхаммед Пайғамбар мешітінде намаз оқыды
25.10.2016, 11:08

Нұрсұлтан Назарбаев Мәдинадағы Мұхаммед Пайғамбар мешітінде намаз оқыды

Елбасы ресми сапармен Сауд Арабиясы Корольдігіне келді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтей келе sn.kz.

Медина қаласына келісімен Нұрсұлтан Назарбаев провинция губернаторы Ханзада Фейсал бен Салман Әл Саудпен екіжақты кездесу өткізді.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Медина қаласындағы Мұхаммед пайғамбар мешітіне барып, намаз оқыды, сондай-ақ Масджид ән-Нәбауи мешітінің сәулетімен және интерьерімен танысты.

Одан кейін Қазақстан Президенті Сауд Арабиясы Королі Салман бен Әбдел Әл Саудпен келіссөздер нәтижесі бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланып отырған Эр Рияд қаласына келді.

Сапар барысында Сауд Арабиясы Корольдігінің тағы бірқатар ресми тұлғаларымен және іскер топтары өкілдерімен кездесу өткізу қарастырылған.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер