Мажарстанда Кейкі батырдың бет бейнесін қалпына келтіру жұмыстары басталды
15.10.2016, 12:37

Мажарстанда Кейкі батырдың бет бейнесін қалпына келтіру жұмыстары басталды

Мажар антропологтары Кейкі батырдың бет бейнесін қалпына келтіру жұмыстарын 2016 жылдың желтоқсанына дейін бітіруді жоспарлауда, деп хабарлайды baq.kz.

13 қазанда Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұражайы (ОММ) Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшілігінің қолғабысымен Будапешт қаласына Кейкі батырдың бас сүйегі жеткізілді. Мажарстанның Жаратылыстану ғылымдары мұражайында ОММ-ның директоры Нұрсан Әлімбай Кейкі батырдың ДНҚ анализін жасау және оның бет бейнесін қалпына келтіру үшін Бас директор Золтан Коршошқа бас сүйекті табыс етті. Реконструкциялық жұмыстармен мұражайдың антропологиялық бөлімінің басқарушысы Агнеш Куштар айналысады, деп хабарлайды Baq.kz ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу шеңберінде Н. Әлімбай 1916 жылғы ұлт-азаттық қоғалысының көтерілістік әскерінің қолбасшысы Кейкі батырдың бас сүйегі 93 жылдан кейін туған еліне қайтарылып, оның бет бейнесін қалпына келтіруі барша Қазақстан үшін маңызды тарихи оқиға болып саналатындығын атап өтті.

З. Коршош көрсетілген құрмет үшін қазақ тарапына алғысын білдіріп, мажар мамандары заманауи технологияларды пайдалана отырып, сапалы жұмысты орындайтындығына сендірді.

Биыл Мажарстанның Жаратылыстану ғылымдары мұражайы 214-жылдығын тойлайды. Оның ішінде 10 млн. астам экспонат сақталуда. Сонымен бірге, мұражайдың антропологиялық бөлімі 70-ке жуық бет бейнені қалпына келтіру жұмыс өткізді, оның ішінде Әбілқайыр ханның бет бейнесі де бар.

Мажар антропологтар Кейкі батырдың бет бейнесін қалпына келтіру жұмыстарды 2016 жылғы желтоқсанына дейін бітіріп тастауды жоспарлауда.

 

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер