Дала ұлдарының музыкалық кеші болып өтті
22.06.2019, 22:13

Дала ұлдарының музыкалық кеші болып өтті

Steppe Sons Steppe Sons

Алматы. 21 маусым. Silteme.kz – Алматы қаласы La Bohême театрында қазіргі таңда жаңа музыкалық трендке айналған – MEJ жанрында өнер көрсететін «STEPPE SONS» - «ДАЛА ҰЛДАРЫ» модерн этно-джаз тобының музыкалық кеші болып өтті.

Кеш барысында топ оннан астам шығармаларды орындады. Атап айтсақ, “Shol Sultany”, “Durbelen”, “Qorqyt”, “Bye, Bye, Blackbird” сынды бірнеше қазақ және шет елдік шығармаларды көрерменге ұсынды. «Тұран» этно-фольклорлық ансамблінің мүшесі, топтың продюсері Серік Нұрмолдаев әр шығарманың маңызы мен мақсатын айта отырып, тек авторлық шығармаларды орындайтынын тілге тиек етті.

Бес жігіттен құралған бұл топтың басты ерекшелігі мен мақсаты, топтың аты айтып тұрғандай тек қана аспаптарда ойнау емес, этно-джаз стилінде ән айту арқылы ешқандай қосымша дыбыссыз қазақ фольклорлық аспаптарының таза үнін халыққа жеткізу және насихаттау. Сондай-ақ шет елдік шығармаларға қазақтың ұлттық аспаптарына салу арқылы қазақи әр беру.

Топ республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаттары атанған, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы және Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының студенттерінен құралған.

«STEPPE SONS» тобының өнерін тамашалаған кезде көз алдыңызға қазақтың өткені мен тарихтағы көрген тауқыметі елестейтіні анық. Көшпенділердің нағыз рухы мен джаз стилінде орындаудың нәзіктігін сезінесіз.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер