Биыл еліміздің өнерпаздары шетелде 50-ден астам қойылымды сахналайды
06.04.2018, 10:01

Биыл еліміздің өнерпаздары шетелде 50-ден астам қойылымды сахналайды

Биыл қазақстандық әртістер шетелдік көрермендерге арнап, 50-ден астам қойылым ұйымдастырады, деп хабарлайды 24.kz.

Олардың арасында қазақ өнеріндегі классикалық туындылар мен әлемдік деңгейдегі шығармалар аз емес. Бастама «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында жүзеге аспақ. Беларусь, Үндістан, Швейцария және Корея Республикасы. Осы және өзге де мемлекеттердің тұрғындары қазақ халқының өткенінен сыр шертетін сахналанған қойылымдардың куәсі болды. Әсіресе, Түркия мен Америкада өткен еліміздің мәдениет және кино күндері жергілікті өнер сүйер қауымды шынайы әсерге бөледі. Айта кетейік, бұл сапарлар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асты. Әсел Айтқұлова, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі департамент директорының орынбасары: – Бағдарламаның таныстырылымы өткен жылдың соңында Парижде өткен болатын. Салтанатты шара барысында халықаралық конференция ұйымдастырылған. Сондай-ақ, Суретшілер көрмесі өтіп, Қазақстанның шығармашылық ұжымдары өз өнерлерін паш еткен еді. Шетелдік көрерменге қол соққызған өнерпаздың бірі Ержан Құлыбаев.

Қазақстандық скрипкашы Буэнос-Айрес, Лиссабон, Берлинде өткен халықаралық байқаулардың жеңімпазы. Ал Павлодардан шыққан опера әншісі Мария Мудряктің есімі қазір күллі әлемге белгілі. Оның гастрольдік сапарлары 2020 жылға дейін жоспарланып қойған. Қазақ өнерін өзге мемлекеттерде насихаттап жүрген ұжымдардың бірі «Астана Опера» театры. Әсіресе былтыр Оманда өткен гастрольдік сапар опера әншілерінің әлі есінде. Елена Сахно, «Астана Опера» театры опера труппасының бас концертмейстері: – Гастрольдік сапар аясында біз көрермендерге Чайковскийдің «Аққулар айдынын» ұсындық. Қойылымның жаңа хореографиялық нұсқасын Алтынай Асылмұратова әзірледі. Сапарымыз өте сәтті өтті. Әр қойылымда театрда ине шаншар орын болмады. Театр ұжымы жыл соңына дейін Италия, АҚШ және Ұлыбританияға гастрольдік сапармен баруды көздеп отыр. Сондай-ақ Қазақстанның замануи мәдениетін қалыптастыру мақсатында тағы бірнеше халықаралық жоба әзірленуде. Мәселен, Англия, Түркменстан және Ресейде еліміздің мәдениет күндерін ұйымдастыру жоспарда бар.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер