Ахмет Байтұрсынов түсірген фотосуреттер жарық көрді
16.03.2018, 17:31

Ахмет Байтұрсынов түсірген фотосуреттер жарық көрді

Ахмет Байтұрсынов түсірген фотосуреттер жарық көрді www.inform.kz

Елордада «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен жарық көрген «Қазақ фотошежірешілері: тарих, дерек, өнер» фото энциклопедиясының тұсауы кесілді.

Жинақта қоғам санасын фото арқылы эстетикалық талаптарға, мемлекеттік мүддеге, ұлттық мұратқа жұмылдыра білген қайраткерлердің шығармашылығы жан-жақты баяндалған. Онда Ахмет Байтұрсынов түсірген фотосуреттерден бастап, есімі елге танымал авторлардың соңғы жарты ғасырда таспалаған атақты туындылары еніп отыр.

Кітапты құрастырған «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асылхан Әбдіайымұлының айтуынша, көпшілік фотосуретті көрсе де оны кім түсіргенін білуге тырыспайды.

«Бүгінгідей Тәуелсіз Қазақстанның саяси-әлеуметтік және рухани өміріндегі даталы күндер мен қиын сәттердің, оқиғалардың барлығы да болашақ үшін көркемсуретті тарихқа айналатыны сөзсіз. Демек, сол оқиғаларды таспаға түсірген фототілшілерді, яғни кәсіби фотосуреткерлерді тарихты да таспаға түсірушілер деуге толық негіз бар», – дейді.

©baribar.kz

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер