Ақан Сатаев Томиристі сомдайтын актрисаны таныстырды
17.02.2018, 14:09

Ақан Сатаев Томиристі сомдайтын актрисаны таныстырды

Ақан Сатаев Томиристі сомдайтын актрисаны таныстырды Сурет: Instagram.com

"Томирис" фильмінде  сақ патшайымының рөлін сомдайтын актриса белгілі болды, деп xабарлайды Today.kz Ақан Сатаевтың Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасай отырып.

"Зор қуанышпен басты кейіпкерді сомдайтын актрисамен таныстырғым келіп  тұр. Ол 1990 жылы туған Алмира Тұрсын. Мамандығы коуч-псиxолог", – дейді режиссер.

Режиссердің айтуынша ол былтыр мамыр айында Астанадағы жалпықазақстандық кастингке келіп, бірінші турдан өткен. 

Ал қыркүйек айында режиссерлік бейне байқауға қатысып, екінші турдан да сәтті өткен. 

Ал үшінші тур жаттығу лагерінде жалғасқан. Өткен жылдың желтоқсанында фильмнің бас продюсері Әлия Назарбаева мен туынды режиссері Ақан Сатаев Алмираны Томирис рөліне бекіткен.

"Қазір актерлік топ дайындық үстінде. Актерлік шеберлік пен трюктарды үйреніп, жаттығып жатыр. Бұл Алмираның дебюті. Алла жар болсын!" – дейді режисер Ақан Сатаев. 

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер