Димаш Құдайберген көктемде Францияда өнер көрсетуі мүмкін
28.01.2018, 13:36

Димаш Құдайберген көктемде Францияда өнер көрсетуі мүмкін

Димаш Құдайберген көктемде Францияда өнер көрсетуі мүмкін juldizdar.kz

Димаш Құдайберген көктемде Францияда өтетін халықаралық франкофония мерекесіне баруы мүмкін. Қазақстандағы Франция елшілігі, мәдениет және ынтымақтастық жөніндегі кеңесшісі Гийом Касперски Димашты француз фанаттары күтетінін жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Димаш Құдайбергенді танимыз. Ол француз тілінде ән айтады әрі оның Ақтөбе қаласынан екенін білдік. Қазақстандағы Франция елшілігі Димашпен бірге жұмыс істейді. Димаш- Қазақстан мақтанышы. Оны Францияда да таниды, жақсы көреді. Тіпті Францияда Димаштың фанаттар клубы бар. Фанаттары Димашпен кездесуді армандайды.

Жоспар бойынша көктемде Халықаралық франкофония мерекесін қолдаушы ретінде қатысуы мүмкін. Ән шырқауы да ықтимал. Ол француз тілінде ән шырқаудың маңыздылығы мен француз әні оған не бергенін айтады деп сенеміз. Сол кезде Ақтөбе қаласы туралы да ақпарат беруі мүмкін. Себебі, Ақтөбе туралы Франция аз біледі.

Екі ел арасындағы мәдени байланыс достығымызды нығайта түсері сөзсіз»,- деді Қазақстандағы Франция елшілігі, мәдениет және ынтымақтастық жөніндегі кеңесшісі Гийом Касперски.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер