Ит жылы айтулы жыл. Өйткені мешін мен тауықтың ауырлығын ит жеңілдетеді
03.01.2018, 10:14

Ит жылы айтулы жыл. Өйткені мешін мен тауықтың ауырлығын ит жеңілдетеді

Бақытжан Әбдірашұлы Бақытжан Әбдірашұлы Фото: Vox Populi

Қазақ ұғымында мешін, тауық жылдары ауыр жылдар болып есептеледі. Бұл жылдары қауіп-қатер, жоқшылық, табиғи апаттар жиі болады. Ал бұл екеуінен кейін келген ит жылы осы ауыртпалықтар жеңілдейді деген түсінік бар, деп жазады "Рейтинг" газетіне сілтемемен silteme.kz АА.

"Тарихқа қарап отырсаңыз бұл түсініктің растығына көз жеткізесіз. 1920-1922 жылдар аралығында Кеңес одағында алапат аштық орын алды. Азамат соғысынан кейін және қатарынан екі жыл қыс қарсыз, жаз жауынсыз болды. Қатты құрғақшылықтың салдары ашаршылыққа алып келді.  1921 жылдың күзіне қарай бүкіл ел бойынша 20 миллионнан астам адам аштыққа ұшырады. Ашаршылық қазақ даласын да айналып өткен жоқ. Қызылдардың елді талап-тонауынан Оңтүстік облыстарда болған ашаршылықтан 1,5 миллионға жуық қазақ өлді деген мәлімет бар. Ашаршылық елдің батысы мен солтүстік облыстарын да жайлады. Ит жылынан, яғни 1922 жылдан бастап осы ауыртпалық жеңілдеді. Осыдан 1928-29 жылдарға дейінгі аралықта Қазақстанда тыныштық орнап, жайлы жылдар басталды" деп тарқатылған басылым бетінде.

1933 - ит жылынан бастап ел басына түскен ауыртпалықтың беті бері қарапты

Газеттегі мәліметтерге қарағанда, тағы да сол мешін мен тауыққа тура келген 1932-33 жылдары Қазақстанда тағы ашаршылық болды. 1928 жылдың күзінде ірі байлардың мал-мүлкін тәркілеудің ақыры, отырықшыландыру, ауыл шаруашылығын коллективтендіру сияқты солақай саясатқа ұласты. Осы зобалаң жылдары 3 миллионға жуық адам қырылды. Көптеген қазақтар шетелге босып кетті. 1933 - ит жылынан бастап ел басына түскен ауыртпалықтың беті бері қарапты. Келесі ит жылы 1946 жылға тура келді. Осы жылдан бастап 4 жылға созылған Ұлы отан соғысының ауыртпалықтары жеңілдеп, соғыстың салдарынан ауыр күзеліске ұшыраған экономика қалпына келе бастады. Мешін мен тауыққа тура келген 1968-69 жылдары да құрғақшылық болды. Жағдай 1970-ит жылынан бастап қалыпқа түсе бастапты. Бұдан кейін келген 1982, 1994, 2006 жылар да ел үшін жайлы жылдар болып есептелді.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер