Тоқтар мен Бейбіттің үйленуіне септігін тигізген қандай ән?
24.12.2017, 09:07

Тоқтар мен Бейбіттің үйленуіне септігін тигізген қандай ән?

«Qazaqstan» арнасының «Сазгер» бағдарламасына басты кейіпкер болған еліміздің танымал композиторларының бірі Бауыржан Өскенбеков хабар барысында Тоқтар мен Бейбіттің үйленуіне септігін тигізген ән туралы айтып өтті, деп хабарлайды silteme.kz

Ол жүргізушінің «Бала күніңізде қандай болдыңыз?» деген сауалына «Жас болған соң бұзықтық болды. Бірақ, бұзықтықты өнермен жуып-шаятын едік. Мектептің атынан айтысқа қатысатынмын. Одан бірінші орын алып келетінмін. Оны көрген мектеп директоры біз үшін арнайы жиналыс ұйымдастырып, мақтайтын еді», - деп жауап берді.

Сонымен қатар, әндері отандық эстраданың үнемі алдыңғы қатарында жүретін композитордың шығармашылық кешінде Бейбіт Сейдуалиева да ән шырқады. Ол сөзін Тоқтар Серіков жазған «Бір белгі» атты туындыны орындады. Бұл туралы kaztrk.kz сайты да жазды.

Өз кезегінде, Бауыржан Өскенбеков аталған әннің шығу тарихын есіне алып, «Тоқтар мен Бейбіттің үйленуіне аз да болса септігін тигізген шығар» деп әзілдеді. Ал, Тоқтар Серіков бұл шығармаға сөз жазудың оңайға соқпағанын жеткізді.

- Бұл әнге сөз жазу оңайға түскен жоқ. Себебі, сол екі ортада халық біз жайлы «үйлене ме, үйленбей бе?» деп жүрді. Оның үстіне, ана қырда мына қырда шапқылап жүргенде Бейбітті ренжітіп алсақ керек. Өкпесі қара қазандай болып жүрген кез. Екеуміз екі жаққа кетсек, «сен де сағынып өт десең, мен де сағынып өтемін бірге жүрген жақсы ғой», деп жазған әнім», - деп түсіндірді әнші.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер