Ермек Аманшаев Швецияда өткен әдебиет фестивалінде «Жыл авторы» атанды
15.12.2017, 13:06

Ермек Аманшаев Швецияда өткен әдебиет фестивалінде «Жыл авторы» атанды

Швеция астанасы Стокгольм қаласында өткен VI «OEBF-2017» әдебиет фестивалі мен кітап форумы байқауында жазушы-драматург Ермек Аманшаев «Тәубе» кітабы үшін «Жыл авторы» атағына ие болды, деп хабарлайды silteme.kz порталы elorda.info порталына сілтеме жасап.

Фестиваль бағдарламасы аясында сан алуан шара өткізу жоспарланған. Атап айтқанда, конкурсқа қатысушылардың кітаптарын оқу, видеофильм­дер конкурсына қатысатын жұмыстармен танысу, фес­тивальдің құрметті қонақтарының кітаптарының тұсаукесері, фильм көрсетілімдері және конкурсқа қатысушылармен кездесулер ұйымдас­тырылды.

Фестивальде 20 елдің 300 қатысушысы бақтарын сынады.

Конкурсқа орыс, ағылшын, қазақ, қырғыз, өзбек, тәжік, түрікмен және әзербайжан сияқты сегіз тілдің бірінде жазылған шығармалар қатысқан.

Автордың бұл кітабы қазақ авторларын іздеп оқитын Швецияның Халықаралық кітапханасына және Стокгольм қаласының Орталық кітапханасына тарту етілген екен. 2016 жылы Ермек Аманшаевтың аталмыш еңбегі Лондонда Лаура Хамилтонның өңдеуімен ағылшын тілінде жарық көрген болатын. Кітап бір жылдың ішінде бестселлерге айналып, әлемдегі әдебиет сүйер қауымның ыстық ықыласына ие болды. АВF мәдени орталығының Улоф Пальме атындағы залында ұсынылған марапаттау рәсімінде Швецияның айтулы сыйлығы мен Ермек Аманшаевтың шығармашылығы туралы әңгіме өрбіді. Патшалық өнер қоғамының мүшесі Дэвид Уильям Парри өзінің жылы лебізін білдірді. Бүгінде кітап француз тіліне аударылып үлгеріп, 2018 жылы тұсаукесер рәсімі өтпек. Сондай-ақ, Жаңа жыл қарсаңында әңгімелер жинағы e-book форматында ағылшын тілінде жарияланатын болады.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер