Көшпенділер. Абылайды Марк Дакаскас ойнасын дегенбіз - Д.Жолжақсынов
12.11.2017, 23:16

Көшпенділер. Абылайды Марк Дакаскас ойнасын дегенбіз - Д.Жолжақсынов

ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Досхан Жолжақсынов abctv.kz порталына берген сұхбатында «Көшпенділер» фильмінде рөлдерде ойнаған шетелдік актерлар мен «Оскар», «Нобель» сыйлықтары туралы айтып өтті.  

«Абылай ханның рөлін ағылшын ойнайды»  дегенді естігенде біз қарсы болып: «Абылайды Оразды ойнаған жігіт немесе қазаққа келбеті келетін Марк Дакаскас ойнасын» деген тілегімізді айттық. Бірақ ұсынысымыз қабылданбады. Бізге киноға түсіп жатқан актерлар әлемдік прокаттың бәсін қыздырады деген уәж айтылды. Осы киноны көрген сайын Абылайды нар тұлғалы қазақ ойнағанда болмысы басқаша болар ма еді  деп өкінемін. Қалай болғанда да бұл кино өзінің миссиясын орындады. «Көшпенділерді»  талай ел сатып алды. Осы кино арқылы әлем көшпенділерді таныды», - деген өнер қайраткері.

Сондай-ақ, ол  қазіргі қазақ киносының деңгейі туралы әңгімеледі.

«Біздің ең басты олжамыз өз халқымыздың сұранысын қанағаттандыру. Осы белесті бағындырып жатсақ, әлемді жаулауға кірісуге болады. Бүгінде атақ та, даңқ та сатылады.  Тпті «Оскар», «Нобель» сыйлықтарының өзі базардағы саудагердің қолындағы дүниедей болып қалды. Біздің мұратымыз халықаралық жарыстан сыйлық алу емес, халықтың алғысы мен ықыласына кенелу болуы керек. Бір құлап, бір тұрып жатса да, қазақ киносы қалыптасып, дамып келеді. Болашақта көрермендердің қазақ киносына деген ықыласы артса, жағдай қазіргіден де жақсы болады», - деп атап өткен Д.Жолжақсынов. 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер