Үздік журналистерге «Үркер» сыйлығы берілетін болады
27.04.2017, 10:49

Үздік журналистерге «Үркер» сыйлығы берілетін болады

Баспа, радио және интернет журналистика саласына арналған тұңғыш ұлттық «Үркер» сыйлығы жарияланды. Бұл туралы Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев өзінің facebook парақшасында былай деп жазды:

Құрметті достар!

Биылғы жылы отандық телевизияның үздіктері «Тұмар» сыйлығымен марапатталғаны белгілі. Осы орайда біз басқа БАҚ өкілдерінің еңбегін де ескергенді жөн көрдік.

Сонымен, баспа, радио- және интернет журналистика саласына арналған тұңғыш ұлттық «Үркер» сыйлығын жариялаймыз.

Басты мақсат – талантты журналистер мен сапалы медиа-жобаларға қолдау көрсету.

Байқаудың қазылар алқасы осы саланың майталмандары мен қоғам қайраткерлерінен және сарапшылардан құралады. Қазылардың толық тізімі алдын ала жарияланады.

Сыйлық 15 аталым бойынша беріледі. Журналистиканың дәстүрлі салаларымен қатар, «үздік фотосурет», «Қазақстан туралы ең үздік танымдық материал» және «Қазнеттегі медиа серпіліс» сияқты бағыттар қамтылады.

Байқауға өтініш 7 мамырдан бастап el.kz сайтында қабылданады, сыйлыққа қатысты егжей-тегжейлі ақпарат та сонда болмақ. Салтанатты марапаттау журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында ұйымдастырылады.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер