"Қалаулым" бағдарламасы бойынша тексеріс әлі жүріп жатыр. Бұған қатысты арнайы жауап береміз, дайындап жатырмыз. Бір шешімін табамыз деп ойлаймын", — деп жауап қайырды министр қысқа да нұсқа.
Айта кетсек, өткен жылдың қараша айында танымал блогер Айгүл Орынбек ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтан "Қалаулым" бағдарламасын телеарнадан көрсетпеуді сұраған болатын. Министр мырза атышулы ток-шоу жайында алғаш рет естігенін және оның мазмұнын тексеруге уәде берген еді.
Қазіргі таңда "Қалаулым" бағдарламасы "Еуразия" бірінші арнасынан әлі де көрсетіледі.