Эмир Байғазиннің жаңа фильміне кастинг жарияланады
08.12.2016, 17:15

Эмир Байғазиннің жаңа фильміне кастинг жарияланады

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ режиссер Эмир Байғазиннің «Өзен» атты жаңа фильміне басты рөлге кастинг жариялайды, деп хабарлайды Baq.kz.

 Кастингке қазақ тілінде еркін сөйлейтін 12-14 жас аралығындағы ұл балалар шақырылады.

Қойылатын талаптар:

- ұзын бойлы, арықша келген, қара шашты, сабырлы, жауапты және өзіне сенімді. Спортпен шұғылданатын, жүзе алатын ұл бала. Өзінен кішілерді қорғай білетін үйдің үлкені. Ересек өмірге қадам басып келе жатқан жеткіншек.

Бала туралы қысқаша мәліметті (аты-жөні, бойы, ата-анасының телефоны) және оның суретін «Басты рөлге» деген тақырыппен kinoreka@mail.ru электронды поштаға немесе 8 747 587 3876 арқылы Whatsapp-қа жіберу керек.

Егер де ұл бала қойылған талаптарға сай келетін болса, оны ата-анасымен немесе балаға жауапты адаммен кинопробаға шақыратын болады.

«Өзен» фильмі жасөспірімдер туралы баяндайтын трилогия. «Асланның сабақтары» және «Төрт оқиға» атты фильмдердің жалғасы, деп хабарлайды «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметі.

Аталған фильмдер Берлин кинофестивалінде алғаш көрсетіліп, көптеген халықаралық жүлделерге ие болған. Сонымен қатар бұл картиналар Қазақстан мен Еуропаның үлкен экрандарында көрсетілген болатын.

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер