Показать содержимое по тегу: ұлттық аспап
Анадолы атырабында қазақтың қара домбырасын күмбірлетіп жүрген бір туысымыз бар. «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра» десеңіз, сол рухани байлығыңызға ессіз ғашықтың бірі - Седат Солакоғлы. Қазақстаннан барған өнерпаздардың ең бірінші іздейтіні Седат болғандықтан, біздің әнші-күйшілеріміз «Түркияда Седатымыз бар» дейді екен. Осыдан-ақ оның өнер ортасындағы қал-қадірін ұға беріңіз. «ҚазАқпарат» ХАА оқырмандарын бүгін шетелдегі күйшімен таныстыруды жөн көрген еді.