Димаш Құдайберген: «Славян базарында» қазылар алқасының мүшесі боламын
30.03.2018, 18:24

Димаш Құдайберген: «Славян базарында» қазылар алқасының мүшесі боламын

Димаш Құдайберген Беларусь елінде өтетін «Славян базары» байқауының қазылар алқасының құрамына енді. Бұл туралы Димаштың өзі Instagram желісіндегі парақшасында мәлімдеді. деп хабарлайды Today.kz.

«Бұл байқаудың менің өмірімде алатын орны ерекше. Қазақстан мен шетелдің халықаралық байқауларында жеңіске жетіп, түрлі концертінде, тв жобасында өнер көрсеткен соң «Славян базары» байқауынан жеңіске жеткеннен кейін дәл осы Беларусь елінде өзімді белгілі әртіс ретінде сезіндім. Мен бұл байқауды және бір кездері үлкен эстрадаға шығып өз елімнің мәдениетін таныстыруыма мүмкіндік берген осындау таңғажайып елді қатты жақсы көремін. Осы жылы «Славян базарында» қонақ ретінде өнер көрсетемін және қазылар алқасының мүшесі боламын. Кездескенше, Беларусь! Шілдеде көрісеміз», – деді Димаш.

Димаш барлық жанкүйерін өзімен бірге Беларусь еліне шақырды. Осы жылы аталған байқау 12 шілдеде ашылады. Естеріңізге салайық, Димаш Құдайберген «Славян базары – 2015» байқауынан бас жүлдені жеңіп алған соң, халыққа кеңінен танылған еді. 2017 жылы Қытайда өткен I am a singer жобасы арқылы ТМД елдеріне танылған Димаш «Славян базары» сахнасында қонақ ретінде өнер көрсетіп, жергілікті халықтың зор қошеметіне бөленді.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер