Показать содержимое по тегу: еңбекпен қамту
Егер ресми дерекке сенсек, Қазақстанда жұмыссыздық жоқтың қасы. Егжей-тегжейлі айтсақ, «елдегі экономикалық белсенді халық саны 8 млн. 907,2 мың адам болса, оның 8 млн. 463,4 мыңы жұмыспен қамтылған, яғни көрсеткіш деңгейі 95 пайыз» дейді құзырлы министрлік. Деректерді әрі қарай сөйлетсек, еңбек етіп жүрген азаматтардың арасында жалдамалы жұмысшылар саны 6 млн. 235 мың адам, өздігінен жұмыспен қамтылғандар — 2 млн. 228,3 мың. Оның ішінде өнімді түрде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар — 1 млн. 809,6 мың, тиімсіз түрде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар — 418,7 мың адам. Ал енді жұмыссыздарға келсек, олардың саны бар-жоғы 452,3 мың ғана көрінеді, бұл — 5,1 пайыз. Жастар арасындағы жұмыссыздық (15-28 жас) — 4,3 пайыз, әйелдер арасындағы жұмыссыздық — 5,6 пайыз.