Показать содержимое по тегу: Оңтүстік
Слотүстік Қазақстан облысына жыл басынан бері барлығы 203 адам қоныс аударды. Бүгінге дейін жұмысқа жарамды 89 адамның тек 29 пайызы ғана қызметке орналасқан. Бұл жайында Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің отырысында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Сергей Яковенко айтты.
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінде бос лауазымдарға орналасуға үміткерлердің саны едәуір артты. Бұл мемлекеттік қызметшілерге жалақы төлеудің жаңа жүйесін пилоттық жоба ретінде енгізумен тікелей байланысты, деп хабарлайды silteme.kz АА.
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қазақстандық «Tree Energy» ЖШС-нің басшысы Жанболат Мұзбаевпен кездесті. Кездесу барысында тараптар баламалы энергия көздерін ауыл шаруашылығы саласына кеңінен қолдану аясында әңгіме өрбітті, деп хабарлайды silteme.kz АА.
RIC ON EXPORT бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2017 жылдың 7 желтоқсан күні «Оңтүстік»аймақтық инвестициялық орталығы және «Zoodel» халықаралық онлайн-сауда алаңы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды silteme.kz.
Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Оңтүстік» индустриалды аймағының құрылысына мемлекеттік бюджеттен 6,8 млрд. теңге жұмсалған. Бүгінгі таңда аймақтағы кәсіпорындардың бюджеттік аударымдары 7,2 млрд. теңгеге жеткен. Нәтижесінде «Оңтүстік» индустриалды аймағы республикада өзін-өзі ақтаған ең алғашқы индустриалды аймақ болып отыр. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 9 айында жалпы облыстағы индустриалды аймақ кәсіпорындары 13,4 млрд. теңгенің өнімін өндірді. Бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Оңтүстік» индустриалды аймақтарды басқарушы компания басшысы Нуркен Бегулиев мәлімдеді, деп хабарлайды silteme.kz.
Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.
Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13