Солтүстікке оңтүстіктен көшіп барған қазақтардың тек үштен бірі ғана жұмыспен қамтылған
10.04.2018, 10:49

Солтүстікке оңтүстіктен көшіп барған қазақтардың тек үштен бірі ғана жұмыспен қамтылған

Слотүстік Қазақстан облысына жыл басынан бері барлығы 203 адам қоныс аударды. Бүгінге дейін жұмысқа жарамды 89 адамның тек 29 пайызы ғана қызметке орналасқан. Бұл жайында Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің отырысында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Сергей Яковенко айтты.

- Жұмысқа жарамды қоныс аударушылардың 29%-ы (26 адам) жұмысқа орналасты. Соның ішінде ауыл шаруашылық саласына 14 адам, білім саласына төрт, денсаулық сақтау саласына үш адам, басқа салаларда бес адам жұмысқа тұрды, - деді Сергей Яковенко.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мамандарының айтуынша, жыл соңына дейін барлығы 767 отбасыны (3445 адам) қабылдау жоспарланған.

Статистика бойынша, былтыр облысқа оңтүстік облыстардан 181 отбасы (802 адам) көшіп барған.

Қазақстан үкіметі елдің солтүстік пен шығыс өңірлеріндегі "жұмыс күшіне тапшы" аймақтарға оңтүстіктегі "жұмыс күші артық" облыстардан мамандарды шақыру науқанын бірнеше жыл бұрын бастаған. Бұл аймақтар 2013 жылы қабылданған "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасы негізінде азаматтарды көшіру жоспарын жасауға кіріскен.

Дереккөз: Азаттық

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер