Алматы-Дели ұшағында мас үнді азаматтары шу шығарған
26.04.2018, 15:46

Алматы-Дели ұшағында мас үнді азаматтары шу шығарған

Жолаушылар ұшаққа мас күйінде кіріп, өздерін дөрекі ұстаған көрінеді.

Полиция қызметкерлері Алматы – Дели рейсінен екі Үндістан азаматын шығарып алды, деп хабарлайды көліктегі ІІД баспасөз қызметі. Ұшақта тәртіп бұзушылар туралы "Эйр Астана" өкілі Алматы әуежайындағы ішкі істер бөліміне хабарлапты. Анықталғандай, 42 жастағы екі Үндістан азаматы мас күйінде ұшаққа мініп, өздерін дөрекі ұстаған, балағат сөздер айтып, ескертулерді құлақтарына да ілмеген. Әуежайға жеткен көліктегі полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тәртіп бұзушыларды ұшақтан түсіріп алды. Медициналық сараптама қорытындысы бойынша, қос азамат жеңіл дәрежеде мас болған. Оларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, әрқайсысына 5 АЕК (12 025 теңге) айыппұл салынды.

Дереккөз: Sputnik

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер