Нақтырақ айтқанда, арнайы оқу орындарының мамандары бұрын оқып кеткен студенттеріне диплом көшірмесін беру үшін ақша талап екен. Олқылыққа жол бергендердің дені – жекеменшік колледждер. Бұл заңсыз әрекеттер Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет агенттігі өкілдері жүргізген тексеріс барысында әшкереленді.
Мамандардың айтуынша, әзірге бұл деректі 108 азамат растаған. Колледждердің кеңсе қызметкерлері құжаттың көшірмесін беруге 700-ден 3000 теңгеге дейін қаржы алыпты.
Айта кетейік, заң талаптарына сәйкес аталған қызмет соңғы үш жыл бойы тегін көрсетіліп келеді. Қазіргі таңда облыста 50 колледж болса, оның 18-і – жекеменшік.
– Мемлекеттік қызмет стандарттарына сай бұл қызмет тегін көрсетілуі тиіс. Алайда мамандар жекеменшік колледж екендіктерін желеу етіп, заңбұзушылыққа жол берген. Олар колледждердің бұрынғы студенттерінен ақша талап еткен. Тексеріс барысында бұл заңсыз әрекетке тосқауыл қойылды. Алдағы уақытта бұл жайт біздің бақылауымызда болады, деп атап өтті Агенттіктің облыстық департаментінің өкілі Аягөз Мүсәпірова.
Дереккөз: 24.kz