Жаңа салық кодексіне ҮЕҰ-ды жоюды жеңілдету бойынша қандай түзетулер енгізілді?
05.01.2018, 17:44

Жаңа салық кодексіне ҮЕҰ-ды жоюды жеңілдету бойынша қандай түзетулер енгізілді?

Жаңа салық кодексі қызметін тоқтатқан  ҮЕҰ-ды жою үдерісін жеңілдетеді                                       

ҚР Салық кодексіне қызметін тоқтатқан ҮЕҰ-ды жою үдерісін жеңілдетуге бағытталған түзетулер енгізілді, деп хабарлайды silteme.kz.

Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексіне сәйкес (2017 жылғы 25 желтоқсанындағы № 120-VI ҚРЗ)  Мемлекеттік кірістер органдары тарапынан соттың шешімі бойынша заңды тұлғаларды жою үшін қабылданатын шаралар тізбесі кеңейтілген. Осылайша, мемлекеттік кіріс органдары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен реттелетін төрт негіз бойынша заңды тұлғалардың қызметін тоқтату туралы сотқа шағым бере алады, атап айтқанда олар:   банкроттық, заңды тұлғаның тіркелуінің  жарамсыз деп танылуы, орналасқан жері немесе нақты мекен-жайы бойынша заңды тұлғаның болмауы,  заңды өрескел бұзу арқылы қызметін жүзеге асыруы.

Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің мәліметіне сәйкес, бұрынғы Салық Кодексі шеңберінде заңды тұлғаның, сондай-ақ, орналасқан жердегі немесе нақты мекен-жайдағы құрылтайшылардың болмауы ҮЕҰ-ды жоюға кедергі болатын себептердің бірі болатын.  Құрылтайшылар өз ұйымдарының қызметін  ерікті түрде тоқтатпай,  басқа елге қоныс аударып кеткен жағдайлар орын алған.  Аталған түзету мемлекеттік кіріс органдарының орналасқан жерінен тыс заңды тұлғаларды жою жөніндегі шараларды қабылдауға мүмкіндік береді.  

Сондай-ақ, жаңа Салық кодексінің 93-ші бабына сәйкес салық төлеушілердің қызметін мәжбүрлі түрде тоқтату тәртібі көзделген.   Мәжбүрлі түрде  тоқтатуға  белгілі бір талаптар жүктелген  жұмысын тоқтатқан заңды тұлғалар жатады. Мысалы, Салық кодексімен белгіленген шектеулі кезеңнен кем емес (5 жыл) заңды тұлғалар салық есептемесін ұсынбаған, қаржы мәмілелерін жасамаған, ҚҚС төлеуші ретінде тіркелмеген, әлеуметтік төлемдер бойынша қарыздары жоқ және т.б заңды тұлғалар кіреді. Салық органы 93-баптың талаптарына сәйкес келетін субъектілерге тұрақты түрде  мониторинг жүргізіп отырады және тиісті шараларды қабылдайды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда тіркеуге қатысты мәселе тудыратын көптеген қызметін тоқтатқан ҮЕҰ бар, аталған ұйымдар өз кезегінде азаматтық секторды дамытуға қатысты статистикалық және басқа да  көрсеткіштерді бұрмалауға әкеледі. Мемлекеттік кіріс Комитетінің мәліметіне сәйкес,  2 919 үкіметтік емес ұйым ресми емес деп танылды, ал тіркелген ҮЕҰ-дың жалпы саны - 19860.

Тұтастай алғанда, қабылданған нормалар жұмысын тоқтатқан заңды тұлғаларды, соның ішінде ҮЕҰ-ды жою үдерістерін айтарлықтай жеңілдетеді, сондай-ақ олардың статистикасының қалыптасуына оң әсерін тигізеді-  деп хабарлады ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер