Браконьерлікпен айналысқан қорық инспекторлары ұсталды
06.12.2017, 18:09

Браконьерлікпен айналысқан қорық инспекторлары ұсталды

«Сапсан» жедел тобының инспекторлары Ырғыз-Торғай қорығының аумағында жүргізген кезекті жедел-рейдтік шара кезінде екі УАЗ автокөлігін ұстады. Ұсталған көлікте қорықтың 7 инспекторы болған, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтемемен silteme.kz.

Автокөлікті тінту кезінде балта, ашық-сұр түсті жүн (ақбөкендікі болуы мүмкін), қоңыр түсті дақтары бар қап табылып, ақбөкендердің өліктері, мүйізі, тегіс ұңғылы мылтық, 12 калибрдің оқтары (шолақ мылтық), пышақ және пышақ қыны тәркіленді. Табылған айғақ заттар тергеу амалдары үшін ішкі істер органдарына тапсырылды. Бүгінгі күні аталған факті бойынша қылмыстық іс ашылды.

Айта кетейік, «Сапсан» жедел тобы ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау комитетінің аумақтық бөлімдері мен ведомоствалық ұйымдарына ішкі бақылауды жүзеге асыру үшін құрылған болатын және тікелей министрге бағынышты құрылым болып табылады.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер