Показать содержимое по тегу: жастар саясаты
2018 жылғы 13 сәуір күні Шымкент қаласында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Н. Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің ХХІ кеңейтілген отырысы басталды, деп хабарлайды silteme.kz AA.
Жыл басынан бері Қазақстанда интернетте орналастырылған 20 мыңнан астам әртүрлі тақырыптардағы бейәдеп материал бұғатталған. Мұндай дерек Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің ұйымдастыруымен өткен алқада айтылды.
Егер ресми дерекке сенсек, Қазақстанда жұмыссыздық жоқтың қасы. Егжей-тегжейлі айтсақ, «елдегі экономикалық белсенді халық саны 8 млн. 907,2 мың адам болса, оның 8 млн. 463,4 мыңы жұмыспен қамтылған, яғни көрсеткіш деңгейі 95 пайыз» дейді құзырлы министрлік. Деректерді әрі қарай сөйлетсек, еңбек етіп жүрген азаматтардың арасында жалдамалы жұмысшылар саны 6 млн. 235 мың адам, өздігінен жұмыспен қамтылғандар — 2 млн. 228,3 мың. Оның ішінде өнімді түрде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар — 1 млн. 809,6 мың, тиімсіз түрде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар — 418,7 мың адам. Ал енді жұмыссыздарға келсек, олардың саны бар-жоғы 452,3 мың ғана көрінеді, бұл — 5,1 пайыз. Жастар арасындағы жұмыссыздық (15-28 жас) — 4,3 пайыз, әйелдер арасындағы жұмыссыздық — 5,6 пайыз.