5-6 қазанда «Аутизм. Мүмкіндіктер әлемі» халықаралық конференциясы өтеді
10.10.2016, 11:07

5-6 қазанда «Аутизм. Мүмкіндіктер әлемі» халықаралық конференциясы өтеді

2016 жылдың 5-6 қазанында Астана қаласында  Болат Өтемұратовтың «Асыл Мирас» қайырымдылық қоры алғашқы «Аутизм. Мүмкіндіктер әлемі» халықаралық конференциясын өткізеді, деп хабарлайды silteme.kz.

Конференция жұмысына қатысу - Аутистикалық спектр ауытқулары (АСА) туралы көп мәлімет білудің, әлемдік трендтер, заманауи зерттеулер, инновацилар туралы ақпарат алудың, осы саладағы жұмыстар мен қызметтер үлгісінің тиімді әдіс-тәсілдері туралы біліп, тәжірибемен бөлісудің бірегей мүмкіндігі.

Конференцияның мақсаты: Аутистикалық спектр ауытқулары (АСА) бар адамдарға заманауи қоғамда толыққанды өмір сүріп, еркін дамып, білім алуына жағдай жасау мақсатында кәсіби қоғамдастықтың, қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік құрылым өкілдерінің күштерін бір арнаға тоғыстыру. Конференция аясында АСА бар адамдарға көмек көрсету мен олардың қоғамға сәтті ықпалдасуы мәселелеріндегі халықаралық және қазақстандық тәжірибелер жиынтықталатын болады. Конференция жұмысына танымал халықаралық ғалымдар мен АСА бойынша АҚШ сарапшылары қатысады, соның ішінде Калифорния университеті, Орегон университеті, Эмори университеті, Эмори Аутизм орталығы, Маркус аутизм орталығы, «Autism speaks», Назарбаев Университеті, және т.б.

Бағдарлама аутизм саласындағы әлемдік және қазақстандық зерттеулердің ең өзекті бағыттарын қамтиды, соның ішінде келесі тақырыптар: АСА бойынша ғылымның заманауи жағдайы, Қазақстандағы аутизм зерттеулері, Диагностика және Скрининг, соның ішінде, қазақстандық тәжірибе, медициналық бағалау мен интервенция, мінез-құлықтық бағалау мен интервенция, жағымсыз мінез-құлықты басқаруды бағалау, мектеп тарапынан қолдау мен интервенция, өз бетімен өмір сүруге өту, отбасы мен туысқандар. Сондай-ақ, қызметтерді ұсынып, Қазақстандағы жүйені жақсарту үдерісіне атсалысатын ұйымдардың ең үздік тәжірибелері ұсынылатын болады.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер