«Болашақ» стипендиясын алу үшін екі жылдық еңбек өтілі қажет емес
05.10.2016, 15:38

«Болашақ» стипендиясын алу үшін екі жылдық еңбек өтілі қажет емес

 «Болашақ» бағдарламасымен оқуға түсетін үміткерлер үшін 2 жыл жұмыс өтілінің болуы туралы талап алынып тасталды, деп хабарлайды BNews.kz

Бұл жеңілдік «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекіту және «Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы №573 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 1 қазандағы қаулысына сәйкес жүзеге асады.

Қаулы 2016 жылдың 4 қазанында «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланып, алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, екі жыл жұмыс өтілі жоқ, «өз бетінше түскендер» санаты бойынша үміткерлер «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар тапсыруға құқылы.

Бұған қоса, осы қаулыда үміткерлердің барлық санаты бойынша «Болашақ» стипендиясы аясында шетелде академиялық оқу немесе тағылымдамадан өту қорытындысы бойынша одан әрі үзіліссіз үш немесе бес жыл:

өз бетімен түскендер үшін – Қазақстан Республикасының ұйымдарында не жарғылық капиталдағы қатысу үлесі Қазақстан Республикасына не ұлттық компанияларға тиесілі Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан ұйымдарда;

ғылыми-педагог қызметкерлер, инженерлік-техникалық қызметкерлер, тағылымдамаға үміткерлер, мәдениет қызметкерлері, шығармашылық қызметкерлер, бұқаралық ақпарат құралдары редакциясының қызметкерлері үшін – саланың басқа ұйымдарында не жіберетін ұйымның негізгі қызметіне ұқсас қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда;

мемлекеттік қызметшілер үшін – Республикалық комиссияның шешімі бойынша, бос жұмыс орындары болған жағдайда – Қазақстан Республикасының ұйымдарында, сондай-ақ акциялары немесе жарғылық капиталдағы қатысу үлесі Қазақстан Республикасына не ұлттық компанияларға тиесілі Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі ұйымдарда жұмыс істеу мүмкіндігі кеңейтілді.

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер