Экстремизм қаупін дінтанушылар санымен өлшеуге болмайды
08.09.2016, 11:27

Экстремизм қаупін дінтанушылар санымен өлшеуге болмайды

ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институты директоры Ерлан Қарин діни экстремизм мен терроризм қауіп-қатеріне дінтанушы, теолог мамандардың көптігімен жауап беру жеткіліксіз екенін мәлімдеді, деп хабарлайды e-islam.kz.

Vlast.kz тілшісіне берген сұхбатында белгілі саясаттанушы республиканың жоғары оқу орындарында биылғы жылға дейін берілген бірқатар әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің қысқаруына қарсылығын білдірді.

Оның айтуынша, ҚР Білім және ғылым министрлігі биыл «Саясаттану» мамандығына грант көлемін қысқартып, «Дінтану» және «исламтану» мамандықтарына оның көлемін көбейткен.

«Мен бұның діни экстремизмге қарсы күрес мақсатында екенін жақсы түсінемін. Алайда, терроризмге қарсы дінтанушылар көлемін көбейтумен жауап беруге болмайды» деп атап өтті Е.Қарин. саясаттанушы радикалдану мәселесін діни саладағы жағдай деп қана қарастыруға болмайтынын жеткізді.

«Қоғамдағы басқа да құбылыстар секілді бұл жерде де бірнеше фактор бар. Бұл анық. Оның үстіне «дінтану», «исламтану» мамандықтарының саяси ғылымдарсыз дамуы да күдік тудырады» деді Стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер