Қазақстанда ауыл шаруашылығы саласына арналған сайт ашылды
01.09.2016, 00:26

Қазақстанда ауыл шаруашылығы саласына арналған сайт ашылды

Қазақстанда тегін хабарландыру беретін алғашқы ауылшаруашылық порталының құрылғаны жайында бүгін бір топ кәсіпкер мәлімдеді, деп хабарлайды baq.kz.

Сайттың іске қосылуына арналған баспасөз конференциясында «Agro.kz 2050» компаниясы өзінің жаңа жобасы – Қазақстанның ауылшаруашылық саласында жұмыспен қамтылған компаниялар мен жеке тұлғалар тегін хабарландыру беретін порталды таныстырды. Оның негізгі миссиясы – ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы өзара әрекеттестікке арналған бірыңғай алаң құру. Оған қоса, сайт жаңа кәсіпкерлік бастамалардың пайда болуына, бизнес-серіктестер іздестіруге ықпал ететін болады. Сондай-ақ, портал өңдеуші сектор мен логистика қызметтерін де қамтиды.

«Біздің басты мақсатымыз Қазақстанға жаңа технологиялар тарту, заманауи құрал-жабдықтар алып келу және соның есебінен барынша сапалы ауылшаруашылық өнімдерін алу. Одан бөлек біздің міндетіміз өнім ысырап болмай, делдалдарсыз тікелей жеткізілуі үшін өндіруші мен тұтынушы арасында тікелей байланысты жолға қою болып табылады», - деді «ҚазАгро- Вет-Снаб» ЖШС бас директоры және портал иелерінің бірі Сержан Тастанбеков.

Сайтты құрушылар Қазақстанның аумағымен ғана шектеліп қалмай, аймақтың барлық елдерін қамтуға ниеттеніп отыр. Алдағы жоспарда – бүкіл әлем бойынша тұтынушыларға ыңғайлы, әлемдік нарыққа бағдарланған ақпарат тарату міндеті тұр.

Сайтты жасаушы Бейімбет Дәрібаевтың айтуынша, 2017 жылдан бастап портал үш тілде, сондай-ақ мобильдік қосымша арқылы қолжетімді болады. Қазірдің өзінде сайтта төрт бөлім бойынша хабарландыруларды тегін орналастыру мүмкіндігі бар: мал шаруашылығы, егіншілік, арнайы техника және логистика.

Жобаның жетекшісі Фархад Нәлібаев ауылшаруашылық өнімдері саудасын біртіндеп онлайн-режімге көшіруге мүмкіндік беретін, тәулік бойы жұмыс істейтін форумды іске қосу жөніндегі жоспарлары жайында айтып берді. Оған қоса, 2017 жылдан бастап сайтта Қазақстанның ауылшаруашылық саласындағы компанияларының базасы құрылады.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер