Сын салиқалы болуы керек – Ғ.Бейсембаев
13.10.2020ж.

Сын салиқалы болуы керек – Ғ.Бейсембаев

Бүгін қоғам қайраткері Мұрат Әбенов модераторлық еткен «Kun.kz» ашық медиа платформасындағы талқы барысында «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы директоры Ғани Бейсембаев осылай деп атап өтті, деп хабарлайды silteme.kz.

Онда «Түймедей өрмекшіден математиканың өркеші өзгерді ме?» тақырыбы аясында мектеп бағдарламасындағы негізгі пәннің бірі – математикаға қатысты айтылып жатқан сындар назарға алынды.

 

«Оқулықтардың қандай деңгейде екенін министрлік зерделеп отыр. Ең бастысы халық үнін естіп отыр. «Оқулық» орталығы да ел ішінде қандай сын-пікір бар, олардың арасындағы ең маңыздысын екшеп, сараптауда. Соларға қарап, қандай да бір олқылықтарға жол бермеуді қарастырып жатырмыз. Әрине, «Сын түзелмей, мін түзелмейді». Меніңше, сын айту үшін де кәсібилік болса құба-құп. Сын болуы керек, бірақ салиқалы сын болуы керек», - деді Ғ.Бейсембаев.

 

Оның айтуынша, әр мәселеге сараптама керек. Сол үшін де бірге жұмыс жасау үшін республика ауқымында аса білікті мамандар іздестірілуде.

 

«Мамандар мықты болса, оқулықтар да мазмұнды болады», - деп түйіндеді  «Оқулық» РҒПО басшысы.

 

Сондай-ақ, шараға «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығының математика пәні мұғалімі, математика ғылымдарының магистрі Мәуіт Рысбек, Нұр-Сұлтан қаласы №65 мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Роза Бекей, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының дарынды балаларға арналған № 11 облыстық қазақ мамандандырылған мектеп-интернатының математика пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Гульмирам Мұсағалиева қатысты.

 

Айта кетейік, талқы барысында мына сауалдарға да баса назар аударылды:

Математиканың бала логикасын дамытуға әсері қаншалықты жоғары?

Қазіргі мектеп оқулығындағы есептердің ауыртпалығы қандай?

Оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыратын есептер бағдарламада бар ма?

Оқушылардың ойлау-қабілетіне қаншалықты көңіл бөлу керек?

Математиканың қазіргі күйі қандай?

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер