Армения Жеңіс күнін 8 мамырға шегеріп, Аза тұту және бітісу күні деп атады
10.05.2018, 12:22

Армения Жеңіс күнін 8 мамырға шегеріп, Аза тұту және бітісу күні деп атады

Армения Жеңіс күнін 8 мамырға шегеріп, Аза тұту және бітісу күні деп атады Qamshy.kz

Арменияның жаңа премьер-министрі Никола Пашинян 9 мамырдағы Жеңіс күні мерекесін 8 мамырға ауыстырып, Аза тұту және бітісу күні деп атауға жарлық шығарды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

«Армения соңғы рет совет режимі таңған Жеңіс күнін тойлады. Ол біздің соғысымыз болмаса да, жүздеген мың армян Сталиннің имперлік мүддесі үшін қаза тапты», — деді ол заң жобасы туралы сөзінде.

Пашинянның айтуынша, Жеңіс күнін 8 мамырға ауыстыру арқылы Армения Еуроодақ елдерімен жақындасып, «Еуропа халықтарының бірлігіне қарай тағы бір қадам жасайды».

«Капитуляцияға 8 мамырда қол қойылды. Күллі Еуропа, бүкіл әлем жеңіс күнін 8 мамырда атап өтеді. Енді Армения да солармен бірге», — деді Пашинян.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер