Белгілі боксшы мың адамға пәтер алып берді
12.04.2018, 18:09

Белгілі боксшы мың адамға пәтер алып берді

Жағдайы төмен көпбалалы отбасынан шыққан Филиппин боксшысы Мэнни Пакьяо жекпе-жектен алған жүлделеріне өзі туып-өскен ауыл тұрғындарына үй тұрғызып берді.

Кедей отбасынан шыққан спортшы бала күнінде бауырларымен күн көру үшін сәбіз, қызылша сияқты жемістердің тамырын, сондай-ақ бананмен тамақтанған. Осындай кедейліктің бейнетін көрген Мэнни отбасын асырау үшін 12 жасында жұмысқа орналасып, еңбектенген. Ол көше бойында тәттілер сатып, бос уақытында бокспен шұғылданған. Оған сол уақытта немере ағасы қолдау көрсетіп, көмектеске. Оның айтуынша, Мэнни ешқашан жалқау болмаған. Ол табандылығы мен еңбекқорлығының арқасында сегіз салмақ дәрежесінде әлем біріншілігін жеңіп алып, әлемдегі жалғыз боксшы атанды. Атақты спортшы бұдан бөлек саясатпен де айналысып, конгрестегі сайлауда жеңіске жетті. Мэнни Пакьяо жекпе-жектен алған алғашқы қомақты жүлдесіне өзі туып-өскен Танго елді мекенінің кедей тұрғындарына бірнеше үй салып берді. Уақыт өте келе үйсіз-күйсіз жүрген мың отбасыға баспана тұрғызған. Әлемге танымал бокшы Мэнни Пакьяо өз елді мекенін “Пакман-вилладж” деп атады. Ол балалар бос сенделіп, есірткіге әуес болып кеттпеуі үшін оларға арнап спорт алаңдарын, қоғамдық саябақ және көпбейінді орталық салдырды. Мэнни Филиппиндегі ең табысты және ең бай адамдардың қатарында. Кедей отбасынан шыққан атақты боксы ешқашан жетістігімен мақтанған емес. Ол өз ісімен жастарға, тұтастай алғанда әлемдегі барлық адамға үлгі бола білді.

Дереккөз: ktk.kz 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер