Ағымдағы жылда мектептерді жоғары жылдамдықты интернетпен және компьютерлік техникамен жарақтандыру 100%-ға дейін жеткізілетін болады
28.04.2018, 12:07

Ағымдағы жылда мектептерді жоғары жылдамдықты интернетпен және компьютерлік техникамен жарақтандыру 100%-ға дейін жеткізілетін болады

Бұл туралы Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Алматы қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ілияс Өсеров айтты, деп хабарлайды silteme.kz AA.

Ілияс Өсеровтің айтуы бойынша, көлік инфрақұрылымын дамытуға, оның ішінде 250 аялдамалар, 29 бағдаршамдар, жолдар мен көпірлерді қайта жаңалау және жөндеу құрылысына 63,6 млрд. теңге жіберілді.

Осылай, өткен жылы автобус паркі 399 бірлік автобустармен жаңартылды, бағыттардың  тұрақтылығы 90%-ға дейін көтерілді. Ағымдағы жылы 199 автобустарды сатып алу үшін 8,5 млрд.теңге жіберілді.

Биылғы жылы мектептерді жоғары жылдамдықты интернетпен және компьютерлік техникамен жарақтандыру 100%-ға дейін жеткізілетін болады.

Мектептерді тағы 20 жұмыстехника кабинеттерімен және 3D-принтингпен жарақтандыруды, балаларды қамтуды 50%-дан 4,5 мың адамға дейін көбейтуді жоспарлап отырмыз,-деп айтып өтті ол өз сөзінде.

Барлық медмекемелерде ақпараттық жүйелер енгізілетін болады, яғни 90% есеп үлгілерін қағазсыз құжат айналуға көшіру жоспарланып отыр.

ОҢАЙ электронды билеттеу бойынша 24 млрд. теңге 460 млн. транзакциялар жүргізілді. «A-Parking» жобасымен, қалада 6 есе салық түсімдерінің өсуімен 10% тұрақ орындары қамтылды (38 млн.теңгеден 223 млн.теңгеге дейін).

Биылғы жылы біз «ақылды» бағдаршамдарды орнатумен жол трафиктерін басқарудың бірыңғай орталығын жобалауды бастаймыз.

Қаланың инфрақұрылымын дамытуға 5,8 млрд. тг, оның ішінде «Eurobus» зауыты үшін желілерді жүргізуге - 2,1 млрд., BRT желісі бойынша көше-жол желілерін қайта жаңалауға ұзындығы 8,7 км. - 1,7 млрд., қоқыстарды іріктеу кешеніне желілер жүргізуге - 1,5 млрд. жұмсалды,-деп сөзін қорытындылады Ілияс Ерікұлы.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер