Түрмедегі бір адамды асырау үшін бюджеттен жылына 877 мың теңге жұмсалады
23.04.2018, 14:09

Түрмедегі бір адамды асырау үшін бюджеттен жылына 877 мың теңге жұмсалады

Қазіргі таңда бас бостандығынан айыру орындарында 27 мың қазақстандық жазасын өтеп жатыр. Оның 6 мыңы уақытша ұстау изоляторында жатыр деп жазады ҚазАқпарат ҚР ІІМ Қылмыстық атқару комитетіне сілтеме жасап.

Агенттіктің ресми сауалына берілген жауапқа сәйкес, сотталған және тергеуге байланысты қамалған адамды бір күн асырау үшін соңғы мәліметтер бойынша 2,4 мың теңге, жылына 876,9 мың теңге жұмсалады.

Еңбекке жарамдылардың ішінде 72,2 пайызы жұмыс істейді. Олардың барлығы айлығын алып отыр. Олардың орташа айлығы шамамен 22-30 мың аралығында. Атқарылған жұмыс еңбек өтіліне есептеледі.

Сотталғандардың айлығы ақшаны уақытша сақтаудың қорытынды басқару есебіне (ҚБЕ) аударылады. Барлық төлемдер мен аударымдар сотталғандардың өтініші бойынша ҚБЕ-ден қолма-қол ақшасыз жүргізіледі. ҚБЕ-ден банк карточкасына айлық тек қауіпсіздігі минималды мекемелерде қамалғандарға ғана аударылып отырады.

Барлық облыстар мен түзеу мекемелерінде «Еңбек» РМК филиалдары жұмыс атқаруда. Қамалғандар жұмыс кезінде металл өңдеу, ағаш өңдеу, құрылыс материалдары, ауыл шаруашылығы өнімдері, тоқыма бұйымдарын өндіріп, күзет және видеобақылау жүйесінің инженерлік-техникалық саймандарын монтаждау және жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар, шағын және орта бизнестің субъектері тартылады.

Осы жылдың басынан бастап 251 бизнесмен өндірістік алаң сенімгерлік басқаруын мойнына алып, осының арқасында 3 мың сотталған адам жұмыспен қамтылған. Сонымен бірге, тағы 9 бизнесмен ағаштан кәдесый жасау, етік тігу, ұлттық бұйымдарды әзірлеу бағытында жеке өндірісін жолға қойып алған.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер