Жалқаулықтың себептері
Маңызды тапсырманы орындағысы келмеген балаға ұрса жөнелмей, оның не үшін бұлай істеп тұрғанын анықтап алған жөн.
• Жеке басының және мінезінің ерекшелігі. Кейбір балалар осы ерекшеліктеріне байланысты үнемі баяу әрі арманшыл болып келеді. Оларға ойларын тез жинақтап, шұғыл нәрселер істеу қиынға соғады.
• Қызығушылықтың жоғалуы. Мүмкін бала денсаулыңына байланысты бір тақырыпты өткізіп алған болар немесе жыл аяғына таман шаршап, оқуға деген ынтасы жоғалып кеткен шығар.
• Мұғаліміне ренжу. Мұғалімнің бүкіл сыныптың алдында балаға сабағына немесе тәртібіне қатысты ескерту айтуының өзі баланың ешнәрсе істемей қоюына жеткілікті.
• Ата-анасы тарапынан қатты қысым көру. Үйдегілер оқушыдан тек үздік бағаларды күтеді. Бірақ ол қатты шаршап, ондай биіктен көріне алмай қалуы мүмкін. Бәлкім сол себепті иммунитеттің әлсіреу белгілері пайда болған шығар.
• Жоспарлай алмау. Бала көңілді нәрселерге (ойындар немесе теледидар) көбірек көңіл бөледі. Ал сабаққа күші де, уақыты да қалмайды.
Жалқаулықтан қалай құтылуға болады?
Тек тәжірибесі бар ата-ана ғана бұл мәселені шеше алады. Өйткені олар да мектепке, тіпті басқа оқу орындарына да барып, білім алған. Олар да талай рет бәріне қол сілтей салғысы келген.
1 - Егер баланың мінезі сондай болса, енжар балаға әсер етудің әдістері туралы психологтан кеңес алған жөн. Зейінді шоғырландыруды және төзімділікті арттыратын әртүрлі әдістемелер болады.
2 - Оқушының пән бойынша қиындықтарына көмектесу. Бағаны түзеу үшін мұғаліммен сөйлесіп, қосымша тапсырмалар алуға тура келуі мүмкін. Басқа балаларды қуып жету үшін бірнеше жеке сабақтар алуға да болады.
3 - Үй жағдайында мұғаліммен жанжалдасуға алып келген жағдайды талқылау керек. Мәселені шешудің амалын тауып, мұғаліммен немесе сынып жетекшісімен сөйлесу қажет. Екі тарапты да ренжітпейтіндей мәмілеге келу керек.
4 - Баланың денсаулығына назар аударған жөн. Қатты шаршау ауыр сырқатқа алып келуі мүмкін. «Төрттік» пен «үштік» үшін баланы ұрсудың қажеті жоқ. Бұл соншалықты нашар бағалар емес. Әйтпесе ата-аналары баланың бойында «үздік оқушы синдромын» қалыптастыруы мүмкін. Онда бала үнемі еңбегінің жоғары бағаланғанын күтіп, егер қалағанына қол жеткізе алмаса күйзеліске түсіп кетеді.
5 - Балаңыздың күнін қалай өткізгені, қандай қызықты нәрсе білгені туралы қызығушылық танытыңыз. Егер балаңыздың күнделігін аптасына бір рет немесе одан да аз тексеретін болсаңыз, балаңыздың жақсы оқуға деген талпынысы да болмайды.
6 - Балаңызға бірінші сыныптан бастап бос уақытын жоспарлауды үйретіңіз. Әуелі кестені бірге жасаңыз. Кейін ол соған дағдыланып, бәрін өзі атқара алатын болады. Есейе келе ешқандай жоспарлаусыз-ақ бос уақытын қалай пайдалануға болатынын көрсететін жауапкершілік сезімі артады.
Балаңыз қиналған сәтте еңсесін түсірмеу үшін оған үнемі қолдау көрсетіңіз. Ол мектептегі білімінің ата-анасы үшін де қызықты екенін білуі керек. Бұл тек бағаға ғана қатысты емес. Әке мен ана барлық қиын мәселені шеше алады, олардан қашан да кеңес сұрауға болады.