– Ей, момындар, тұрыңдар,
Зікір айтқын сахарда.
Хаққа құлдық қылыңдар,
Нұр таратып жаһанға, – деп шақырады екен.
Оның дауысын естіп, жер бетіндегі барлық қораздар жұртты оята бастапты. Қораздың сахарда шақырғаны Алланы еске алғаны екен. Бұл туралы Шәкәрім Құдайбердіұлы «Тауық неге шақырар сағат сайын…» деген жырында былай дейді:
Тауық неге шақырар сағат сайын,
Дей ме уақыт өткенiн ұқтырайын…
Олар деп тұр: «Oйға алып бiр Құдайын,
Зор құдiретiн әлемге ұқтырайын».
Құлшылық, намазы мен иманы – сол,
Күнде бiр, айында бiр, сағат сайын.
Ән хазірет миғраждан келген соң, сахабаларына:
– Тауық асыраңдар. Сауабы мол болады. Тауық бар жерге үш бәле жоламайды: жын-перінің шәрі келмес, сиқыршының дуасы өтпес, бақсының жыны жетпес, – деп насихат айтыпты. Содан бастап мұсылмандар тауық асырауға мән берген екен.
Кейбір аңыздарда «қораз шақырса, періштені көреді. Қарға қарқылдаса, шайтанды көреді» деп ырымдайды.