Ұзынағашта махаббаттан жолы болмаған жігіт бір отбасын қырып салды
28.03.2018, 11:29

Ұзынағашта махаббаттан жолы болмаған жігіт бір отбасын қырып салды

Алматы облысындағы жер үйлердің бірінен үш бірдей әйелдің мәйіттері табылды. Олар айуандықпен өлтірілген деп жазады «Казинформ» порталына сілтемемен silteme.kz AA.

Жантүршігерлік қылмыс Жамбыл ауданына қарасты Ұзынағаш ауылында 25 наурыз күні болған. Қайтыс болған әйелдердің бәрі бір отбасының мүшелері: 88 жастағы әжей, оның 51 жастағы өызы және 24 жастағы жиен немересі. Қылмыскер оларды бауыздап тастаған.

Көршілерінің айтуынша, 24 жастағы бойжеткен Алматы-2 станциясындағы теміржол кассасында жұмыс істеген. Алдын ала болжам бойынша, ол 22 жастағы жігітімен ұрысып қалған екен. Махаббатта жолы болмаған жігіт оның үйіне келіп, үшеуін де өлтіріп тастаған. Кейін қылмысты жасырғысы келді ме, өзіне де бірнеше пышақ жарақатын салып, дәрігерлердің көмегіне жүгініпті.

Қазіргі таңда бұл қылмыс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер